Инвестициялар

Италияда қазақстандық делегация бірлескен кәсіпорын құру мен инвестиция тарту сұрақтарын зерттеуде (Фото)

Италияда қазақстандық делегация бірлескен кәсіпорын құру мен инвестиция тарту сұрақтарын зерттеуде, деп хабарлады «NADLoC» баспасөз қызметі.
Әлемде 29 Мамыр, 19:43

«Біздің елдің делегациясы «NADLoC» АҚ төрағасы Қайрат Бектүргеновтың  төрағалығымен, сондай-ақ, ҚР Машина жасаушыларының атқарушы директоры Тимур Әлтаевпен бірге Италияның индустриялды орталықтарындағы кәсіпорындарды аралауда», - делінген хабарламада.

Осыған дейін үздік италиялық компаниялармен келіссөздер жүргізілді, ол азық-түлік, машина жасау, логистика, мұнай-газ секторы, тау-кен саласы. Келісөөздер барысында италияндық компаниялардың технологиялық мүмкіндіктері қарастырылды.

Мәселен, азық-түлік саласында «Barilla», «Rolli» компанияның өкілдері өз жетістіктерін көрсетті, технологиялық шешімдері мен қондырғыны жаңғырту жаңалықтары, толық циклді өндірістің жобаларын таныстырды. Мұнай секторында біздің елмен сәтті ынтымақтастық жүргізіп отырған «Bonatti», «Еnigroup» компаниялар аталып өтті.

Италия біздің елдің ірі сыртқы сауда серіктесатіктерінің бірі болып саналады.

Жұмыс сапарының қорытындысында біздің тараптың делегациясы Миландағы Қазақстанның  ЭКСПО-2015 павильонын тамашалайды.

Айта кетерлігі, Қазақстанға Италиядан 2015 жылдан бастап 2014 жылға дейін 10,8 млрд АҚШ доллары тартылған.





Яндекс.Метрика