Парламент

Н.Нығматулин: Қазақстан Президентінің халықаралық жоғары беделі – әріптестікті кеңейтудің берік негізі

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қазақ-қытай байланысын талқылады.
Әлемде16 Қазан , 13:15

«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен арадағы жан-жақты келіссөздер қорытындысы бойынша, біз көптеген мәселелер төңірегінде өзара сенімге ие болдық. Сонымен қатар, біздің тәжірибелік саладағы әріптестіктің дамуы бойынша ой бөлістік. Ең бастысы, осы сапар барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен арамызда мықты достастық орнады», - деді ҚХР Төрағасы Қазақстанға жасаған алғашқы сапарында.

Екі жақты келісімдер негізінен ауылшаруашылығы, транспорт, қайта өңдеу, байланыс және басқа салаларда жасалды. Қазақ-қытай компаниялары арасында жасалған келіссөздердің жалпы құны 35 млрд долларды құрайды.

Тараптардың арасындағы әңгіменің басты тақырыбы қазақ пен қытай парланментариясы болды.

Си Цзиньпиннің айтуынша, парламентаралық байланыс екі елдің стратегиялық байланысында маңызды рөл атқарады. Оның мемлекетаралық қатынастағы маңызы орасан.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Парламентінің болашақта саяси, сауда-экономикалық,әлеуметтік-гуманитарлық және өзге де салаларда терең байланыс орнатуға дайын екенін жеткізді.

«Қазақстан Парламенті Қазақстан мен Қытай басшыларының келісімдеріне заңнамалық қолдау көрсетуге көңіл бөледі», - деді Мәжіліс Спикері.

 




Яндекс.Метрика