Өңірлер

ҚР-да астық көлемі өткен жылғыдан кем болмайды – АШМ

Қазақстанда 2015 жылы астық көлемі өткен жылғыдан кем болмайды және ол бидай экспортына да кері әсерін тигізбейді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров брифингте.
Астана қаласы29 Мамыр , 17:31

«Облыстардың ауыл шаруашылығы басқармаларының мәліметтерінше, биылғы жылы егіс көлемі 21,5 миллион гектарға егіледі, бұл өткен жылғыдан 0,1 миллион гектарға көп. Көктемгі егіс көлемі 18,5 миллион гектар болады, дәнді дақылдар 15,2 миллион гектарға жетеді. Бүгінгі таңда біз жиналған астық көлемі өткен жылғыдан кем болмайды деп жоспарлап отырмыз және ол бидай экспортына да кері әсерін тигізбейді»,-деді С.Омаров. 

Оның сөзінше, астықтың сапасы мен көлемі егіс және жиын-терін жұмыстарына да байланысты. 

«Ол үшін еліміздің әрбір шаруасы науқан жұмыстарына дайын болулары керек. Біздің тарапымыздан барлық қажетті жағдайлар жасалды,  қаржыландыру жүргізілді, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді техникамен, нақтырақ айтқанда комбайн, дәнкептіргіштер құрылғылармен қамтамасыз ету бағытындағы бағдарлама жұмыс істеп жатыр»,-деді ол.  

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика