Өңірлер

Ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2015 жылы 32 млрд теңге бағыттайды

Осы жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыру үшін 32 млрд теңге бағыттайды, деп хабарлады брифинг барысында «ҚазАгроҚаржы» басқарма төрағасының орынбасары Асылхан Жуашев.
Астана қаласы29 Мамыр , 17:13

«Осы жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыру үшін 32 млрд теңгені бағыттауды жоспарлауда, оның 10,5 млрд теңгесі көктемгі егін егу науқанына ал 22 млрд теңгесі тазалау мен маусымаралық жұмыстарға  бағытталады. Одан лизингке 700 комбайн енгізу қарастырылған», - деді ол.

Айта кетейік, «ҚазАгроҚаржы» АҚ республиканың аграрлық саласын қолдаумен айналысады, осы  ісі  арқылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қаржымен қамтуға әрекет жасайды.

Анар Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика