Өңірлер

Егін жинау жұмыстарына арналған техниканың лизингтік бағдарламасы бойынша аванстық төлем 10%-ға төмендетілді - ҚазАгроҚаржы

2015 жылы егін жинау жұмыстарына арналған техниканың лизингтік бағдарламасы бойынша аванстық төлем 10%-ға төмендетілді және оны өтеу мерзімі ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін ұзартылды, деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асылхан Джувашев 2015 жылғы егін егу науқаны туралы брифинг барысында.
Нұр-Сұлтан29 Мамыр , 16:58

«Ағымдағы жылы «ҚазАгроҚаржы»АҚ жылсайынғы «Астық өнімі» бағдарламасын бастайды. Ол осымен төртінші жыл қатарынан жұмыс істеп келеді. Сонымен, 2015 жылы егін жинау жұмыстарына арналған техниканың лизингтік бағдарламасы бойынша аванстық төлем 10%-ға төмендетілді және оны өтеу мерзімі ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін ұзартылды», - деді А.Джувашев.

Басқарма төрағасы атап өткендей, лизинг бойынша сыйақы 13,4% құрайды, оның 7% сыйақыны субсидиялау бойынша бағдарламасы аясында мемлекет төлейді.

«Бұл бағдарлама қазақстандық комбайн өндірушілері «Агромаш Холдинг»АҚ мен «Вектор» комбайндары үшін жұмыс істейді. Бұл бағдарламаның жалпы шарттары ағымдағы жылы егін жинау жұмыстарына мерзім 7 жыл, аванстық төлем 10% және өтеу мерзімі ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін ұзартылды.   сыйақы 13,4% құрайды, оның 7% сыйақыны субсидиялау бойынша бағдарламасы аясында мемлекет төлейді және 6,4% шаруақожалы өзі өтейді», -деп түсіндірді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика