Халықаралық интеграция

Ереванда АЭФ қорытындысы бойынша семинар өтті

Ереванда VIII Астана экономикалық форумының қорытындыларына байланысты семинар өтті. Іс-шараға Арменияның мемлекеттік органдары мен академиялық және сарапшылар ортасының өкілдері, Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды, СІМ.
Әлемде30 Мамыр , 10:34

Өзінің кіріспе сөзінде Қазқстан Республикасының Армениядағы уақытша сенімді өкілі Қанат Хасеновтың айтуынша, қазақстандық-армяндық қатынастардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Сондай-ақ ол жырда ғана өткен Қазақстан-Армян бизнес-форумының қорытындылары туралы баяндады. Сондай-ақ жиында Қазақстанның қазіргі заманғы дамуы мен жаһандық қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруларын таратпау. Мәдениетте диалогы сияқты бастамалары туралы сөз болды.     

Семинарға қатысушылар Астана экономикалық форумының қорытындыларынан хабардар етілген соң, Армения Президенті жанындағы Қоғамдық байланыс және ақпарат орталығының Аймақтық зерттеулер қызметінің жетекшісі Манвел Гумашьян Қазақстанның соңғы 10 жылда тек жаһандық экономикалық мәселелердің ғана емес, әлемдік қауіпсіздіктің де талқыланатын алаңға айналғандығын айтып өтті. Ал, армениялық үкіметтік емес ұйым төрағасы Арам Сафарян Қазақстанда қолданылған шаралардың әлемдік деңгейде мойындалған аймақтық көшбасшыға айналуға ықпал етті.  

Қорыта келгенде, семинарға қатысушылар Мемлекет құрылысында Қазақстанның белсенді жұмыс істеп жатқандығын атап өтіп, елде жүзеге асырылып жатқан 5 институционалды реформаның елді жаңа сапалы деңгейге көтеретіндігіне ниеттес екендіктерін білдірді.   

 

 




Яндекс.Метрика