Халықаралық интеграция

Қазақстанда ТМД Үкімет басшыларының кеңесі бірқатар құжаттарға қол қойды

Бүгін Бурабайда (Ақмола облысы) ТМД Үкімет басшылары Кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында ТМД Үкімет басшыларының кеңесі бірқатар құжаттарға қол қойды.
Ақмола29 Мамыр , 16:42

Отырыстың күн тәртібі ТМД елдерінің экономикалық, инновациялық-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы көп жақты ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымынан тұрады.

Отырыс нәтижесінде қаржы-экономикалық саладағы өзекті мәселелерді шешу жөніндегі ТМД мемлекеттерінің бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды. Бұдан өзге, халықаралық байланыс тасымалын жүзеге асыру барысындағы ТМД мемлекеттері аумағында көлік қауіпсіздігі Стратегиясы, 2020 жылға дейінгі кезеңге ТМД-ға мүше мемлекеттердің аймақаралық және шекарааралық ынтымақтастығы Тұжырымдамасы, сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы кадрларды даярлау, кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттырудың мемлекетаралық жүйесін қалыптастыру және дамыту Тұжырымдамасы бекітілді. 

Сондай-ақ, ТМД елдерінің ынтымақтастығының негізгі шаралары мақұлданды, олар 2016-2020 жылдардың мәдениет саласына бағытталған. Достастық елдерінің ынтымақтастығының негізгі бағыты 2025 жылға дейінгі орман шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы  саласында өрбімек.

Сондай-ақ, ұйымдастыру және бюджеттік-қаржылық сұрақтар да қарастырылды. Жалпы, кеңес қорытындысы бойынша 20 құжатқа қол қойылды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика