Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: ШҚО-да автоклавты газды бетон өндірісі іске қосылады

ШҚО-да ағымдағы жылы Индустрияландыру картасы аясында 13 жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың бірі «Асбест-цемент бұйымдар Семей зауыты» ЖШС болып табылады, автоклавты газды бетон өндірісін іске қосу арқылы зауыт өндірісін кеңейтпекші.
Шығыс Қазақстан30 Мамыр , 10:03

ШҚО-ның Ақпараттық орталығы хабарлағандай, «Асбест-цемент бұйымдар Семей зауыты» ЖШС Қазақстанда жабын және тегіс шифер, құм-цемент қаптамасы, цемент-құм жабынқыш өнімдерін өндіруде Қазақстан бойынша алдыңғы қатарда.  Зауыттың жылдық қуаттылығы 100 мың текше метр газды бетонды өндіруге жетеді.

Семей зауыты басшыларының айтуынша, автоклавты газды бетон өндірісі іске қосу арқылы құрылыс жүргізу бұрынғыдан жылдам болады және қаржы мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік туады.

Аталып өткендей, жобаны жүзеге асыруға  «Даму» желісі бойынша 350 млн теңге жұмсалды, ал екінші деңгедегі банктерден 250 млн теңге көлемінде несие алынды, қалғаны зауыттың өз қаржысы.




Яндекс.Метрика