Өңірлер

Ел аграрилеріне қысқа мерзім ішінде егу жұмыстарын жүргізу үшін барлық жағдай жасалды – ҚР АШМ

Ел аграрилеріне қысқа мерзім ішінде егу жұмыстарын жүргізуге барлық жағдай жасалды, деді Ауыл шаруашылығының вице-министрі Сапархан Омаров 2015 жылғы егу жұмыстарына арналған брифингте.
Астана қаласы29 Мамыр , 16:09

«Осы жылы мемлекет пен Ауыл шаруашылығы министрлігінің тарапынан көрсетілген қолдаулар арқасында көктемгі егу науқанына орай қаржы мен жанар жағармай заттары, техника әлекейдей жаланып дайын тұр», - деді С.Омаров.

Вице-министр атап өткендей, аграрилер барлық қажетті затпен қамтылған, алайда АШМ әрбір шаруашылықтағы егу жұмыстарына әсер ете алмайды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егін егу науқаны жұмыстарына барлық қажетті жағдайды жасады. Алайда, егін егу жұмыстарын аграрилер өздері атқаруда. Осындай себеппен АШМ әрбір егін егу орталығындағы жұмыстарға ықпал ете алмайды», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика