Ұлттың денсаулығы

Қазақстанда алғаш рет ересектер арасында темекі шегуге қатысты жаһандық сауалнама жүргізілді

Қазақстанда алғаш рет ересектер арасында темекіні тұтынуға қатысты жаһандық сауалнама жүргізілді, деп хабарлады ҚР ДӘДМ СӨС Ұлттық орталығының директоры Жәмилә Баттақова ОКҚ-де.
Астана қаласы29 Мамыр , 15:54

«Еліміздің денсаулық сақтау саласының алдына темекіні пайдалануға қатысты жағдайда жіті бақылау міндеті қойылған болатын. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы, CDC қоры, Ауруларды сауықтыру мен бақылау орталығы  ДӘДМ қолдауының арқасында еліміз үшін маңызды болып табылатын темекіні тұтынуға қатысты жаһандық зерттеу жүргізуге мүмкіндік алды»,-деді Ж.Баттақова.  

Орталық директорының айтуынша, зерттеу жұмыстары қажетті талаптар негізінде халықаралық стандарттар мен әдіс бойынша жүргізілді. Барлығы 4 мың 425 адам қатысты. Олардың 2 мың 85-і ерлер, 2 мың 340-ы әйелдер. Нәтиже ер және әйел адамдардың іс жүзіндегі санына сәйкес келді, яғни 47,2 де 52,8.

«Сауалнама елдегі темекіні тұтыну жағдайы ересектер арасында 22,4 пайызды құрайтындығын көрсетті, олардың арасында темекіні күнде тұтынатындар 19,1 пайыз, ара-тұра тартатындар 3,3 пайыз. Ересектер өнеркәсіптік өндіріс сигареттерін жиі тұтынады»,-деді Ж.Баттақова.     

Айта кететін мәселе, Қазақстанға дейін GATS (Global Adult Tobacco Survey - АА) темекіні тұтыну жағынан ең жоғары тұрған 19 мемлекетте жүргізілді.     

ДДҰ мәліметтері бойынша, күніне әлемде 6 миллион адам темекінің құрбанына айналады. Темекі тартудың салдарынан болатын кісі өлімі ерлер арасында 35 пайызды, әйелдер арасында 12 пайызды құрайды.   

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика