Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н.Назарбаев: Мемлекет халық алдында есеп беруі керек

Мемлекет халық алдында есеп беруі керек, ақпарат, Үкімет шешімдері халық үшін қолжетімді болуы керек, деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД ҮБК мен ЕҮК делегаттарымен кездесу барысында.
Ақмола29 Мамыр , 15:43

«Бесінші реформа – транспарентті және есеп беретін мемлекет. Біздің демократиямыздың  негізі мемлекеттің халық алдына есеп беруін қамтамасыз ету», - деді Н.Назарбаев.

ҚР Президенті атап өткендей, біздің барлық істеріміз ашық болуы керек, мемлекеттің халық алдында ешқандай құпиясы болмауы тиіс, ақпарат, Үкімет шешімдері халық үшін қолжетімді болуы керек

«Бюджет ашық, қоғамдық ұйым өкілдерінің және адамдардың қатысуымен шешілуі тиіс. Әр жарты жыл сайын халық алдында есеп беріп, сұрақтарына жауап беруіміз керек. ҚР Үкіметі мен Парламентке көбірек құқық берген жөн», - деп толықтырды Елбасы.

Ұлт көшбасшысының айтуынша, Қазақстанда бүгінге дейін президенттік билік, «Өздеріңіз білетіндей президенттік билік күшті. Орташа санаттағылардың санының артуына байланысты ҚР Үкіметіне еркін жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек», - деп атап өтті Президент.

Ботагоз Айтжанова




Яндекс.Метрика