Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Институционалды реформалар әлемдік тәжірибе негізінде құрылды – ҚР Президенті

Ұлт жоспары – 100 нақты қадам ұзақ уақыттар бойы зерделенген, әлемдік тәжірибе негізінде құрылды, деді ҚР Президенті Бурабай кентіндегі ТМД ҮБК мен ЕҮК делегаттарымен кездесу барысында.
Астана қаласы29 Мамыр , 15:21

«Біздің барлығымыз үшін басты мәселе – заң үстемдігі. Сот азаматтардың өздерінің барлық мәселелерін шеше алатын орган болуы керек. Біз бұл мәселеге деген көзқарасымызды түбірімен өзгерткіміз келеді. Қазір судьялар Қазақстандағы жалақысы ең жоғары мемлекеттік қызметкерлер. Судья лауазымына кемінде 5 жыл тәжірибесі бар және байқаудан өткен азаматтар келуі керек. Олар зейнетақылық және әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етіледі, алайда, ереже мен этика бұзғандар лауазымынан, зейнетақысынан барлығынан айырылады»,-деді Елбасы.

Мемлекет басшысы өзі көтерген 100 нақты қадам ұзақ уақыт зерттеп, зерделенген әлемдік тәжірибе негізінде құрылғандығын атап өтті.

«Егер институционалды реформалар дұрыс жүзеге асатын болса, мінсіз яғни берілген мемлекеттік аппарат, сатылмайтын әділ сот, үшінші «Индустрияландыру мен экономикалық өсім» болса, сонда ғана шағын және орта бизнес мемлекеттік қысымынсыз дамиды, индустрияландыру үдересі жалғасады. 5 реформаның алғашқы үштігі ең мықтылары. Егер үш талап орындалса, төртінші «Бірыңғай болашақ ұлты» реформасы шешіледі. Біз Қазақстан этонстарын біріктіреміз. Қазақстандық қоғам өркендей бастайды»,-деді Елбасы.   

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика