Адами капитал

«Батыр арулар» байқауының жеңімпаздары «төзімділік курсын» өтуде (Фото)

Қарсылас жауға қарсы тұру, лаңкестікке қарсы операция, дұшпанның бекіністеріне шабуыл жасау, автомат мен тапаншадан оқ ату, Калашников автоматын жинау және шашу, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 29 Мамыр, 17:46

Бұл – арнайы мақсаттағы жауынгерлердің бағдарламасы емес, бұл - «Батыр арулар» байқауының жеңімпаздарына арналған жауынгерлік даярлық элементтері.

Жаттықтыру полигонындағы жауынгерлік дағдыларды әскери қызметшілер жауынгерлік даярлық бойынша бағдарлама шеңберінде пысықтайды. «Батыр арулар» іс жүзінде тек қана керемет дене сымбаттылығын емес, жауынгерлік әзірліктің барлық машығын білетінін дәлелдеуі тиіс.

Жақында ғана өзінің жауынгерлік әзірлігін кіші сержант Мария Власова мен Ботагөз Мұсаева көрсетті. Олардың артынан полигонға өзге де қатысушылар жөнелді.

Олар: қатардағы жауынгер Лунара Баймұхаметова, сержант Әйгерім Қаракүшікова, аға лейтенант Әлия Хайрулина, аға лейтенант Бота Қорабаева, қатардағы жауынгер Айдай Үсенова, қатардағы жауынгер Гүлзада Қамашева. Полигонда ешқандай жеңілдіктер болмайды, нәзік жандыларға арналған нормативтер ерлердікімен тепе-тең.

Тепсе темір үзетіндердің езулерінен күлкі үйірілсе де, жаттықтыру сынақтарына қарап, шынайы қауіп болған жағдайда нәзік жандылар  Отанын ұятқа қалдырмайтынын анық білдірді. Айта кетейік, ҚР Қорғаныс министрлігі «Батыр арулар» әскери қызметші қыз-келіншектер арасындағы байқауды ұйымдастырып, өткізуде. Байқаудың  жоспары бойынша жеңімпаздар 2016 жылға арналған мамандандырылған күнтізбенің белгілі бір айының парақтарына сән келтіріп, фотолары басылып шығады. Барлық жеңімпаз  жауынгерлік даярлықты өткеннен кейін оларды кәсіби стилисттің әрлеуі мен фотосессия күтеді. 


 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика