Халықаралық интеграция

Бухарестте Румыниямен ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының отырысы өтті

Бухарест қаласында Қазақстандық-румын сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 11-отырысы өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде29 Мамыр , 16:24

Үкіметаралық комиссиясын қазақстандық тараптан Энергетика вице-министрі Мағзум Мырзағалиев, румын тараптан – Экономика, сауда және туризм министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Богдан Панделика басқаруда.

«Комиссия отырысында Қазақстан Республикасындағы және Румыниядағы экономикалық жағдайы туралы ақпарат тыңдалып, экономиканың әр түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастығының келешек дамуына қажетті әлеуетінің болуы атап өтілді», - делінген хабарламада.

Екіжақты ынтымақтастығының кең тобы мәселелері, соның ішінде энергетика, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық пен мал өндірісі, кіші және орта кәсіпкерлік, білім және ғылым, туризм, байланыс пен ақпараттық технологиялар, сондай-ақ екі елдер арасындағы іскер топтары арасындағы әріптестік мәселелері қарастырылды.

Келіссөздер нәтижесінде, қазақстандық-румын Үкіметаралық комиссиясы 11-отырысының Хаттамасына қол қойылды.

Сонымен қатар, М.Мырзағалиев Румынияның энергетика, шағын және орта бизнес пен іскерлік орта мәселелері жөніндегі министрі Андрей Джеря мырзамен келіссөздер өткізді. Румын министрі Қазақстан Республикасымен энергетикалық саласында ынтымақтастықты ұлғайту мен кеңейтуге Румынияның құштарлығын білдірді. Сұхбаттасушылар, көлік пен инфрақұрылымды дамыту саласында Қазақстанның стратегиялық бағдарламаларын атап өтіп, екі елдің көліктік-транзиттік әлеуетін өзара тиімді пайдалану саласындағы ынтымақтастығының келешегіне тоқталды.

Румыния Президентінің кеңесшісі, Президент Әкімшілігінің Сыртқы саясат департаментінің басшысы Лазар Команескумен болған кездесу барысында, ресми Бухарест экономиканың түрлі салалардағы бірлескен жобалардың іске асыруына қолдау жалғастыратындығын, сондай-ақ Румыния өзіне Қазақстанның Еуропадағы мүдделерін ілгерілетуін алуына дайын екендігін атап өтілді. 

Өз кезегінде, М.Мырзағалиев сұхбаттасушыларды ҚР Президентінің «Нұрлы жол» Жолдаудың, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты қағидаларымен таныстырып, стратегиялық бағдарламалық құжаттардың орындалуы турасында индустриалды-инновациялық басымдықтары жөнінде бағдар берді.

Сондай-ақ, М.Мырзағалиев мұнай-газ жабдықтарды өндіретін румындық ірі «Репеде» и «ЮПЕТРОМ – 1 май» кәсіпорындар басшылығымен кездесті. Қазақстанда осы компаниялардың өндірістік қуатының құру мен бірлескен кәсіпорындар құрылу мәселелері талқыланды.

ҚР Энергетика вице-министрі, румын кәсіпкерлеріне Қазақстанда ЕАЭО шеңберінде бизнес жүргізудің артықшылығын, Елбасының Жаңа экономикалық саясат «Нұрлы жол» аясындағы жаңа инвестициялық стимулдар, жеңілдетілген салық салу жүйесі, еркін экономикалық аймақтар, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктері туралы хабардар етті.




Яндекс.Метрика