Парламент

Қазақстанда 1,4 мыңнан астам кәсіпорын қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды енгізді

Қазақстанда соңғы бес жылда 1,4 мыңнан астам кәсіпорын қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды енгізді, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов.
Астана қаласы29 Мамыр , 15:04

«Бес жылда қауіпсіздік және еңбекті қорғау шарттарын жақсарту мақсатында 12 мыңдай өндіріс нысандарын жұмыс берушілер аттестациялаудан өткізді, 1,4 мыңнан астам кәсіпорынға қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттар енгізілді», - деді Д. Арғындықов.

Сонымен, статистика бойынша уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес, 2014 жылы тексерілген 1,8 млн  жұмысшының 391 мыңы немесе әір бесіншісі зиянды салада жұмыс істейді.

«Жұмысшылардың 41% шулы, 34 % шаң-тозаң, 17 % ауа температурасы қолайсыз жағдайда еңбек етуде», - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, вице-министр түсіндіріп кеткендей, қолайсыз жұмыс істеу жағдайлары үлкен экономикалық шығынға алып келуде.

«2014 жылдың қорытындысы бойынша 700 мыңнан астам жұмысшы өтемақы алған. Бұл мақсатта 96 млрд  теңге шамасында қаржы жұмсалды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары. Түрлі қосымша төлемдерді 388 мың адам алса, 333 мың адамға тегін сүт пен тамақ берілді, сондай-ақ, 75 мың адам тегім емдік-профилактикалық аспен қамтамасыз етілді. Ұлттық банктың мәліметі бойыныша 2015 жылдың 1 наурызындағы жағдайға сәйкес зиянды салада жұмыспен қамтылған жандардың есепшотына жұмыс берушілер  32,6 млрд теңге көлемінде міндетті кәсіби зейнетақы төлемдерін аударды», - деп түсіндірді Арғындықов.

Вице-министр түйіндегендей, кәсіпорындар өтемақы төлеу әдісінен біржолата бас тарту үшін жұмысшыларына қолайлы жағдай жасауы керек, мұндай көзқарасты жоюған жөн.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика