Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚР Президенті: Қазақстанның транзиттік мүмкіндігі Орталық Азия мен Еуропа арасында көпір орнатады

Қазақстан аймағында тұрғызылапжатқан инфрақұрылым Орталық Азия мен Еуропа елдеріне транзиттік жаңа мүмкіндіктер сыйлайды, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайдағы ТМД және ЕҮАК қатысушы елдері ұжымдары басшыларының кездесуінде.
Ақмола29 Мамыр , 14:21

«Инфрақұрылым біздің ел үшін транзиттік мүмкіндіктерді ашады. Автомобиль магистралінің құрылысын аяқтауға жақынбыз. Қазіргі заманғы автобан Қытай шекарасынан Ресейге дейін барады – 2700 км, осы жыл біз ол жұмысты аяқтаймыз. Жол бойы бизнестің көп жолы ашылады. Қазақстанда ол оңтүстік арқылы Қырғызстанды, Өзбекстанды, Түрікменстан мен Тәжікстанды қоса өтеді», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Президент атап өткендей, Қазақстанда тұңғыш рет Бетпақ дала арқылы 1200 шақырым, Каспий теңізін қытайлық жағалаумен жалғастырып тұрған темір жол салынды.

«Қытайлық серіктестермен келісіп, Тынық мұхитының Сары теңізінде Ляньюнган портында үлкен терминал орнаттық. Осы жылы 20 пойыз жөнелтілді, 2020 жылға қарсы 200 пойыз Қазақстан арқылы Ресей мен Еуропаға  жол тартады. Жібек жолының екінші желісі Ресей арқылы жүк тасымалын 10-нан 50 млн долларға жеткізеді. Қытай мен Ресейдің сауда айналымы 600 млрд долларды құрап, 700 млрд долларға жетеді. Біздің мақсат осы жүкті Қазақстан арқылы: теңіз арқылы 45 тәулікте, темір жол арқылы екі апта – 15 тәулікте тасымалдау», - деді Елбасы.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика