Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

В.Тельнов: Ұлт жоспары – бұл мемлекеттік аппарат үшін қарышты қадам

Ұлт жоспары – «100 қадам» - мемлекеттік аппарат үшін қарышты қадам тәсілі, деді Еуразиялық ықпалдастық инстиутының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы29 Мамыр , 14:16

«Президент 5 институционалды реформа мәселесін көтеріп, оны Ұлт жоспары деп атады. Оның мәні – материалдық және рухани салалардағы алдыңғы қатарлы құндылықтар негізінде мемлекетті жаңғырту болып табылады. «100 қадамда» Мемлекет басшысы міндеттерді нақтылады. Егер көптеген мәселелер жалпылама күйінде көрініс тапса, мемлекеттік аппарат «100 қадамда» нақты міндеттер алды. Түптеп келгенде, бұл мемлекеттік аппарат үшін адымдап алғы жылжу тәсілі»,-деді В.Тельнов.   

Сарапшының сөзінше, 5 реформа Қазақстанның алдыға жылжуына ықпал ететін 5 күш-қуат векторы іспеттес.

«Жаңғырту жөніндегі комиссия ретінде арнайы тетік жасалды, оған Президент  реформаларды жүзеге асырудың тәсілі мен нақты стратегиясын құруды міндеттеді. Президент стратегиясы – тиімді мемлекеттілікті қалыптастыру, бұл шешуші мәселе. Ұлт жоспарын ұсына отырып Мемлекет басшысы жаңғырту үдерісінің жаңа жолын ашты. 5 реформа Қазақстанның қарыштап алға жылжуын нақтылайтын 5 күш-қуат векторы болады»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика