EXPO-2017

Н.Назарбаев ТМД мен ЕҮАК отырысының қатысушыларын ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мен Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің қатысушыларын ЭКСПО-2017 павильондар көрмесіне қатысуға шақырды.
Ақмола29 Мамыр , 13:52

«Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындалуда, құрылыс жұмыстары жүруде. 2016 жылдың күзіне таман нысандар дайын болады. Барлық мемлекетті көрмеге қатысуға шақырамыз, ЭКСПО көрмесінің тақырыбы «Жаңа энергетика» саласына арналады», - деді ҚР Президенті.

Н.Назарбаев атап өткендей, Қазақстан көрмеде  баламалы энергия көзінің барлық мүмкіндіктерін көрсетеді, ол жел мен су арқылы ғана емес, сондай-ақ, физикалық көздер: жылу, жер қойнауы, биологиялық жылу көзінен өндіруді көрсетпек.

«Өзінің сайлауалды бағдарламамда мен 5 институционалды реформа туралы айттым. Қазір одан әрі даму қажет. Бірінші реформа – мемлекеттік аппаратты құру. Мемқызметке тек меринтократия үлесі арқылы өтуді қарастыру қажет», - деді Елбасы.

Ботагөз Айтжанова

 

 




Яндекс.Метрика