Парламент

ДСӘДМ еңбекті қорғау қауіпсіздігін арттыру мақсатында кешенді жоспар дайындап жатыр

ҚР ДӘДМ қазіргі таңда мүдделі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әріптестерімен бірлесіп, «Еңбекті қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар» дайындауда, алдағы уақытта ол зиянды еңбек шарттары қалыптасқан жұмыс орындары мен өндіріс жарақаттарын кезезең-кезңімен қысқартатын болады, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов.
Астана қаласы29 Мамыр , 14:32

Қазақстан еңбек шарттарын жетілдіру мен өндіріс жарақаттарының алдын алуға бағытталған ХЕҰ-ның (Халықаралық еңбек ұйымы) бірқатар шарттарын ратификациялады.

2014 жылдың соңына таман ХЕҰ-ның «Еңбектің қауіпсіздігі мен тазалығын қалыптастыратын негіздер туралы» № 187 Конвенциясы ратификацияланды. Оның талаптары бойынша, әрбір жұмыс орындарында кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу шарттары қамтамасыз етілуі керек. Вице-министрдің айтуынша, аталған Конвенцияны жүзеге асыру үшін министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әоіптестерімен бірге «Еңбекті қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар» әзірлеуде.   

Құжат кәсіби тәуекелдерді бағалау мен басқару жүйесін енгізуге бағытталған, әлемнің үздік тәжірибелерімен үйлестірілген нормативтік актілер жүйесін құрады. Сондай-ақ ол кәсіби тәуекелдерді басқару жүйесінің негізі ретінде еңбек шарттарын бағалау жүйесін жетілдіреді. Бүгінгі таңда өнеркәсіп нысандарын еңбек шарттары бойынша аттестациялау жұмыстарымен 170 ұйым айналысады. 

«Бұл ретте еңбек шарттарын бағалау жүйесінің әлі де болса жетілдіруді қажет ететіндігін айта кету керек. Аттестация жүргізумен айналысатын көптеген ұйымдардың зиынды өнеркәсіп факторларын анықтайтын зертханалары жоқ және олар мұндай қажеттіліктерді сырттан тартуға мәжбүр, олардың өзі де тиісті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеген»,-деп түсіндірді Д.Арғандықов.   

Үшінші шарт вице-министрдің сөзінше, еңбекті қорғау саласындағы заман талаптарына жауап беретін ғылыми ифнрақұрылымды дамыту мен осы салада ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін енгізу болып табылады.

«Еңбекті қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жетілдіру төмендегідей шараларды қажет етеді. Олар: мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі мен мүмкіндіктерін нығайту, аймақтардағы еңбек инспекторларының санын арттыру, қазіргі заманғы әдістерді пайдалана отырып, мемлекеттік еңбек инспекторларының біліктіліктерін жетілдіру мен өзге де шаралар»,-деді Д.Арғандықов.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика