Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтерді реформалау

Қазақстан Халықаралық жемқорлыққа қарсы академия құру келісіміне қосылды

Қазақстан халықаралық ұйым ретінде Халықаралық жемқорлыққа қарсы академия құру келісіміне қосылды, деп хабарлайды қаржы полиция қызметінің баспасөз қызметі.
Казахстан16 Қазан , 11:44

«2013 жылдың 8 қазанында ҚР Президентінің жарлығымен Қазақстан халықаралық ұйым ретінде Халықаралық жемқорлыққа қарсы академия құру келісіміне қосылды», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, Қазақстан Республикасының аталмыш жобаға ат салысуы елімізде құқық қорғау қызметкерлерінің кәсіби қызметтерін орындау мүмкіндіктерін кеңейтіп, біліктілігін арттырып, алдыңғы қатарлы тәжірибелермен алмасуға жағдай жасамақ.

Айта кету керек, Халықаралық жемқорлыққа қарсы академия жемқорлыққа қарсы шаралар, жемқорлыққа қарсы ағарту мен кәсіби дайындау және ғылыми зерттеу саласында алдыңғы қатарлы тәжірибелерді орындаушы қызметіндегі халықаралық ұйым ретінде 2010 жылы Лаксенбургте БҰҰ қамқорлығы негізінде құрылған.

 

 




Яндекс.Метрика