Ұлтаралық бірлік

Атырауда ҚХА 20 жылдығына арналған «Менің елім – Моя страна» атты мотошеру сапарға шықты

Атырауда «Қазақстан - 2050» жалпыхалықтық қозғалысының белсенділері «Wheels Brothers MC» мотоклубымен бірлесіп, «Менің елім – Моя страна» аты жобаны іске асыруға кірісті.
Атырау29 Мамыр , 18:53

Қозғалыстың баспасөз қызметінің мәліметтерінше, республикалық мотошеру Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған. Жоба еліміздің аймақтарындағы түрлі этностар мен халықтардың өкілдерінің басын қосып, осындай шара арқылы бір-бірімен қарым-қатынаста болып, тілдесулеріне мүмкіндік жасап, біріктіру болып табылады.  

«Бұл шара Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде айтқан қазақстандықтардың заң үстемдігі, сияқты жаңа жалпыхалықтық құндылықтарды алдыға қойып, мемлекет дәстүрлерін этникалық өзін ұстау үлгілерінен жоғар қою қажеттігі жөніндегі сөздерімен үндеседі»,-делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылар өзінің осындай ерекшелігі арқылы жоба Қазақстанның белсенді жастарын өз орталарына тартып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құру бойынша Мемлекет басшысының идеяларын анық, түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік береді.

Мотошеру Атырау қаласынанюасталып, (Орал, Ақтөбе, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Алматы, Үшарал, Зайсан, Өскемен, Семей, Павлодар, Астана, Қостанай сияқты барлығы 20 қаласы мен көптеген елді мекендерді басып өтеді.

 




Яндекс.Метрика