Парламент

ҚР Парламенті Мәжілісінде мұнай-газ секторының даму болашағы талқыланады

Парламент Мәжілісінде биылғы жылдың 1-маусымынан бастап, «Қазақстанның мұнай-газ секторын дамытудың болашағы мен проблемалары» атты тақырыпта парламенттік тыңдаулар өтеді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан29 Мамыр , 13:07

Негізгі баяндамашылар ретінде Энергетика министрі Владимир Школьник пен Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов  сөз сөйлейді.

Сондай-ақ, Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Раудың, «Теңізшевройл» ЖШС Бас директоры - Тимоти Глен Миллер, Қазақстанның таукен және мұнай-газ саласына қызмет көрсету одағының директоры Дәуіржан Ауғамбай, «КазНИПИмұнайгаз» АҚ директоры Мұрат Құрбанбаев сөз сөйлеуі күтілуде. Мәжіліс депутаттары Уәлихан Бишимбаев пен Галина Баймаханова да өз көзқарастарын білдірмекші.

Парламенттік тыңдау шеңберінде ТОО «Павлодар мұнайхимия заводы» ЖШС басшысы Шухрат Данбай мен «KAZENERGY» Ассоциациясының басшысы Асет Мағауовтың, сонымен бірге ОЮЛИП «Казахстанская Топливная Ассоциация 1» Басқарма төрағасы Болат Ауетаевтың сөздері тыңдалатын болады.

Тыңдау қорытындысы бойынша тиісті Ұсынымдар қабылданады. Іс-шараны ұйымдастырушы Палатаның Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті.Сонымен қатар, жиында Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау, «Теңізшевройл» ЖШС-нің бас директоры Тимоти Глен Миллер, Қазақстанның сервистік компаниялар одағы мен мұнай-газ және тау-кен салаларынан Дәуіржан Ауғамбай, «ҚазНИПИмұнайгаз» АҚ-нан Мұрат Құрбанбаев сөз сөйлейді деп күтілуде.    

 

 




Яндекс.Метрика