Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

В.Тельнов: «Нұрлы жол», «Казахстан – 2050» Стратегиясы мен ИИДМБ ҚР дамыған 30 елдің қатарына кіруге мүмкіндік жасайды

«Нұрлы жол», «Казахстан – 2050» Стратегиясы мен ИИДМБ ҚР дамыған 30 елдің қатарына кіруге мүмкіндік жасайды, деді Еуразиялық ықпалдастық инстиутының экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Нұр-Сұлтан29 Мамыр , 12:32

«Бүкіл әлем бойынша бірінші орынға өлшеу, тиімділікті арттыру сияқты мәселелер шығып отыр – өзгерістерді қалыптастырудың басты құралы – бұл мемлекет. Бізде, яғни Қазақстанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қашанда осы бастаманы қолдап келді, сондықтан да Қазақстанда көзқарас қайшылығының нәтижесін күтіп жүре бермей, мәселені нақты шешуді дұрыс көретін Президенттік мемлекет қалыптасты. Біздің әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кіруімізге тап осы жағдай ықпал етті»,-деді В.Тельнов.

Оның сөзінше, «Нұрлы жол», «Казахстан – 2050» Стратегиясы мен ИИДМБ еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруіне мүмкіндік жасайды.

«Бүгінде Қазақстан алдына әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатын қойып отыр. Біздің бұл бастамамыздың қозғаушы күші «Қазақстан -2050» Стратегиясы, Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы және «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты. Аталған бағдарламалар біздің алдыға қойған мақсатымызға жетуге көмектеседі»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика