Халықаралық интеграция

ҚР Қорғаныс күштерінің офицері бақылаушы ретінде Батыс Сахараға аттанады

30 мамыр күні ҚР ҚК офицері капитан Ғабиден Нұрғалиев БҰҰ әскери бақылаушы ретінде Батыс Сахараға аттанады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы29 Мамыр , 20:43

Бітімгершілер күнін біраз уақыттан бері біздің елде де мерекелеуде. Қазақстандық әскери қызметшілер БҰҰ миссияларына қатысуда. 2014 жылғы шілдеде Қазақстан Қарулы Күштерінен Батыс Сахараға алғашқы бақылаушы аттанды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі. 

Қазіргі уақытта референдумды өткізу кезінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі БҰҰ миссиясына Батыс Сахарада әскери бақылаушылар ретінде «ҚАЗБРИГ» қазақстандық бітімгершілік бригадасының 4 офицері қызмет өткеруде. Одан басқа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2 офицері ағымдағы жылғы наурыз айынан бастап Кот-д,Ивуардағы (UNOCI) БҰҰ бітімгершілік миссиясына әскери бақылаушылар ретінде қызмет өткеруде. Қазақстанның бітімгершілік қызметі аясында бүгінгі күні бақылаушылар ретінде ҚР ҚК офицерлерін Гаити, Батыс Сахара, Кот-д,Ивуар және Либерияға (әрбір миссияға 5 әскери қызметшіге дейін) бақылаушылар ретінде жолдау көзделген.

Қазір миссияға аттануға біздің тағы бір офицеріміз капитан Ғабиден Нұрғалиев дайындалуда. 30 мамырда ол Батыс Сахараға сапар шегеді. Ғабиден Нұрғалиевтің қазақстандық бітімгершілік батальонда қызмет  тәжірибесі бар. Ол тілдік тестілеуді, жүргізуді сәтті тапсырды, сұхбаттасудан өтті және БҰҰ миссиясына қатысу үшін үздік үміткер ретінде таңдалды. Батыс Сахарада офицер тура бір жыл болады. Қарулы Күштердегі БҰҰ миссияларына қатысу үшін біздің әскери қызметшілерді дайындау мақсатында «Қазбат» бітімгершілік батальоны құрылды.

Бұл халықаралық стандарттар бойынша дайындалған және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін арналған бөлімше. Қазақстан көпвекторлық пен теңгерімділіктің қағидаттарын ұстанатынын еске сала кетейік, бұл біздің елімізде жанжалдасқан тараптар арасында сұхбатты реттеуге, шиеленіскен жағдайды тұрақтандыруды, көпдеңгейлік ынтымақтастықты дамытуды ықпал етуге мүмкіндік береді.

Жыл сайын еліміздің әскери қызметшілері ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің бітімгершілік контингентімен оқу-жаттығуларға қатысады. Оның барысында бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияны дайындау жұмысында және барысында ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштері басқару органдарының өзара іс-қимылы пысықталады.   Бұл іс-шаралар халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытудағы маңызды кезең болып табылады және тұрақтылықты нығайтуға дәнекер болады.  

 




Яндекс.Метрика