Мәдениетті жаңғырту

«Муз-ТВ» премиясында тұңғыш рет қазақ тілінде ән айтылады

«Муз-ТВ» премиясында тұңғыш рет қазақ тілінде ән айтылады, оны Жанар Дұғалова орындайды, деді «Муз-ТВ» Ресей музикалық арнасының директоры Арман Дәулетияров ОКҚ брифингінде.
Нұр-Сұлтан29 Мамыр , 11:58

«Осы жыл орындалатын әндердің тізімі еке есеге көп болады. Жыл сайын премияда 12-13 концерттік номер болатын, осы жылы олардың саны 24 болады. «Муз-ТВ» премиясында тұңғыш рет қазақ тілінде ән айтылады, оны Жанар Дұғалова орындайды. Салтанатты шараны жабатын ән қазақ, орыс тілдерінде болады, оны ресейлік және қазақстандық әншілер орындайды», - деді А.Дәулетияров.

Бас ұйымдастырушының айтуынша, салтанатты шараға Ресейден 1000-ға жуық қонақ келеді.

«Біз Ресейден премияға 1000 шақты адам келеді деп жоспарлаудамыз. Арнайы қонақтар: Иосиф Кобзон, Шамиль Тарпищев, Светлана Бондарчук , Алла Духова, Максим Фадеев, Константин Меладзе. Біз өз тарапымыздан атақты және танымал адамдарды шақырамыз», - деді ол.

 Айта кетейік, жыл сайынғы «Муз-ТВ» премиясы 5 маусым күні Қазақстанның астанасы – Астанада  өтеді. Шараны өткізу үшін ең ауқымды алаң «Астана-Арена» стадионы таңдалды. Оған 35000 адам сыяды.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика