Халықаралық интеграция

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі Тәжікстанда өтеді

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) кезекті мәжілісі 2015 жылдың 30-қазанында Тәжікстаннің Душанбе қаласында өтеді, деді Тәжікстанның Премьер-Министрі Кохир Расулзода ҮБК мәжілісі барысында.
Ақмола29 Мамыр , 11:35

«Тәжікстан Республикасы толық келіседі және күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қолдайды. Мен келесі кездесуді 2015 жылдың 30-мамырында  Душанбеде өткізуге келісемін. Мен құрметті әріптестер, барлықтарыңызды Тәжікстанның астанасына қуана-қуана шақырамын. Осы ретте мен сіздердің Душанбеге сапарларыңыз бен онда атқарылатын жұмыстарыңыз сәтті болуы үшін барлық мүмкіндіктерді қарастыратындығымды жеткізгім келеді»,-деді К.Расулзодо.

Сонымен қатар, РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведев ТМД-ның 25 жылдығын атап өтетіндігін айтты.   

«Күн тәртібіне қатысты айтатын болсақ, ТМД 25 жылдығын атап өтеді. Осы кезеңнің барлық қиындықтарына, көптеген мақсаттардың орындалмай қалғандығына қармастан, Достастық дамуда және ол посткеңестік кеңістіктегі мемлеттердің жұмыстарының маңызды бағыты болып табылады»,-деді Д.Медведев.       

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика