Парламент

Қазақстанда өндірістік жарақат алу жағдайлары 8 %-ға төмендеді-ҚР ДСӘДМ

Қазақстанда 2014 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақат алу жағдайлары 8 %-ға төмендеді, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғындықов.
Нұр-Сұлтан29 Мамыр , 11:28

«Соңғы жылдары өндірістік жарақат алу жағдайларының төмендеуі байқалып келеді. Егер 2010 жылы 2179 адам зардап шексе, 2014 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақат алу жағдайлары 8 %-ға төмендеді немесе 2006 адамды құрады»,- деп мәлімдеді вице-министр.

Сонымен қатар, Арғындықов хабарлағандай, 2010 жылмен 2014 жыл аралығында өлімге алып келген жағдайлар саны 8,1 %-ға төмендеді ( 365-тен 334 адамға дейін).

Сонымен, әлемде жыл сайын 270  млн-ға жуық қайғылы оқиға тіркеледі, оның 160 млн-ға жуық кәсіби аурулар және олар 2 млн-ға жуық адамның өмірін қиюда.

«Сараптама нәтижесі көрсетіп отырғандай, жыл сайын екі мыңнан астам өндірістік жарақат алу жағдайлары орын алады,  оның ішінде 300-ге жуық адамдар көз жұмады. Осы ретте, мұндай қайғылы оқиғалардың 70%-дан астамы жұмыс берушінің кесірінен орын алады ",- деді вице-министр.

Кейбір кәсіпорындарда 2014 жылы 2 және одан көп өлімге алып келген қайғылы жағдайларға жол берілген.

Д.Арғындықов атап өткендей, экономиканың салалары бойынша алатын болсақ, 2014 жылы өндірістік жарақатты көбіне құрылыс саласының мамандары алды  407 адам (20,3%), тау-металлургия кешені  298 адам (17,9%). Бұл салаларға барлық өндірістік жарақат алу жағдайларының 40 % тиесілі.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика