Халықаралық интеграция

Қазақстанда ТМД Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мәжілісі өтуде

Ақмола облысындағы Бурабай кентінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің мәжілісі өтуде.
Ақмола 29 Мамыр, 10:56

ТМД Үкімет басшыларының мәжілісінде қаржы экономика саласындағы өзекті мәселелерді шешудегі бірлескен қимылдардың жоспары сөз болады. Сонымен қатар, ТМД-ға мүше мемлекеттер аумағында халықаралық бағыттағы тасымал кезінде көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясын талқылау жоспарлануда.     

Бұған қоса, ТМД аясындағы ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша 20-дан астам жоба құжаттарды қарау жоспарланып отыр.

Үкімет басшылары ТМД-ға мүше мемлекеттердің 2025 жылға дейінгі орман шаруашылығы мен орман өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастығының басым бағыттарын анықтап, 2020 жылға дейінгі аймақаралық және шекарааралық ынтымақтастықтың Тұжырымдамасын талқылайды және 2014 жылы ТМД-ның бірыңғай бюджетінен қаржыландырылатын ТМД органдарының қаржы шаруашылық қызметіне жүргізілген құжаттамалық-ревизия жұмыстарының нәтижелерін жария етеді.  

Бұған қоса, 2020 жылға дейінгі ТМД-ға мүше мемлекеттердің аймақаралық және шекараралық ынтымақтастығының тұжырымдамасы мен оны жүзеге асырудың іс-шаралар жоспары талқыланбақ.  

Талқылау барысында тараптар өзара сауда мен ЕАЭО-на мүше елдердің  тауар айналымын жетілдіру, макроэкономикалық валюталық-қаржы саясаты саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, экспортты қолдау, ЕАЭО-ның кедендік реттеуін жетілдіруге басымдық бермек.  

Ботагөз Айтжанова

 





Яндекс.Метрика