ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: ОҚО-да жалпы құны 46,7 млрд теңгенің жеті жобасын жүзеге асыру ұсынылды

ОҚО-ның Бадам ауылдық округінде аумағы 153 гектарды құраған индустриалды аймақ құрылған. Бүгінде жалпы құны 46,7 млрд теңгенің жеті жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады облыс әкімдігінің порталы.
Оңтүстік Қазақстан29 Мамыр , 11:14

Аталып өткендей, бюджет қаржысының 1 теңгесіне 28 теңге инвестиция тарту жоспарлануда.

Алғашқылардың бірі болып аталмыш өндірістік алаңда қымбат инвестициялық жоба  ауылшаруашылығы техникасын құрастыру бойынша жобаны «Kaz Kioti»ЖШС жүзеге асыра бастады. Серіктестік тракторларды құрастыратын зауытты салуда. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың қараша айында басталған.

Өндіріс ошағын іске қосу ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланып отыр.  Мұнда 400 адам тұрақты жұмысқа орналаса алатын болады. «Жоспар бойынша тракторлардың PX1002PC-AU-99,2 л., RX7620C-AU-76 л., RX5920C-AU-59 л сынды үш түрін құрастыру көзделуде», - делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика