«Бүгінгі таңда облыста 41,7 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзімге қарағанда 18%-ға жоғары. Аталмыш көрсеткіш республика өңірлері арасында 8-ші орын саналады. Бұл салада қызмет ететін адамдар саны да күн санап өсуде. Өсім шамамен 7%, яғни 141 мың адамды құрайды», - деп атап өтті.
Оның айтуынша, шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпорындар 130,4 млрд теңге сомасына өнім шығарды.