Өңірлер

Павлодар облысында «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 6 млрд теңге бөлінді

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Е.Н. Айткеновтің ақпары бойынша, 2015 жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыруға 6 млрд. 982 млн.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1522 млн. теңге; облыстық бюджеттен – 5460 млн. теңге.
Павлодар29 Мамыр , 09:31

Ағымдағы жылдың басынан 750 млн. теңге игерілді.Бағдарламаның мақсатты көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, биылғы жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:алқаптарды 50 мың гектарға басымдықты дақылдармен кеңейту арқылы егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруды жалғастыру, 5500 гектардан астам жерге жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізу, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Павлодар облысында ірі қара малдың шетелдік асыл тұқымдарын сатып алу бойынша - «Пахарь ШК» ЖШС Австралиядан 1247 бас ірі қара мал сатып алуға, ал «МТС «Жайма» ЖШС Ресейден 500 бас ірі қара сатып алуға тапсырыс беріп қойған, сиыр етін экспорттау бойынша - 2015 жылғы 12 наурызға 124 тонна ет және ет өнімдері экспортқа шығарылды», - деді ол.

Оған қоса биылғы жылы жаңа жобалар іске асырылады. Бұл Ертіс өзенінің жағалауында жеміс-жидек және сәндік өсімдіктер отырғызумен айналысатын «Терраса «Жастар» жобасы (20 адамнан тұратын жасақ); облыстың шалғай аудандарына концерттік бағдарламалар өткізу үшін Қазақстан халқы ассамблеясының өнерпаз жастарынан құрылған «Ертіс жұлдыздары» жасағы (жасақ 15 адамнан тұрады).




Яндекс.Метрика