Халықаралық интеграция

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов алдағы ТМД ҮБК және ЕҮАК отырыстары аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Бүгін Ақмола облысының Бурабай кентінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов алдағы ТМД Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық Үкіметаралық кеңес отырыстары ауқымында бірқатар екі жақты кездесулер өткізді.
Ақмола29 Мамыр , 09:12

Беларусь Премьер-Министрі Андрей Кобяковпен әңгімеде екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтасты дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ ықпалдастық бірлестіктері ауқымындағы өзара іс-қимылдың қырлары талқыланды.

Ресей Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен келіссөздерде сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мен тереңдетудің кең ауқымды мәселелері қаралды, соның ішінде экономиканың басымдықты салаларындағы нақты жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ, ТМД және ЕАЭО ауқымындағы ықпалдастық үдерістерінің ағымдағы жай-күйі жөнінде пікір алысылды.

Молдова Премьер-Министрі Кирилл Габуричпен кездесуде экономиканың әртүрлі салаларындағы Қазақстан-Молдова қатынастарын жандандыру келешегі талқыланды. Тараптар іскерлік әріптестікті тереңдету үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.

Осы тақырып Қырғызстан Үкіметінің басшысы Темір Сариевпен келіссөздер барысында да жалғастырылды. Әңгімелесушілер экономиканың басымдықты салаларындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жайын талқылады, Қырғызстаннның ЕАЭО-ға кіруіне байланысты олардың келешегін атап өтті.

Кәрім Мәсімов сондай-ақ ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедевпен кездесу өткізді, оның барысында Достастық қызметінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алысылды.

 




Яндекс.Метрика