Өңірлер

Алматы облысында жаңа жылу беру маусымына дайындық мәселесі талқыланды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен 2014-2015 жылдардың жылу беру маусымы бүгін Талдықорғанда қорытындыланды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы28 Мамыр , 20:03

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигельдиев айтқандай, 2014-2015 жылу беру маусымына 8 млрд теңге бөлінді. «Өткен жылу беру маусымында 28 қазандық, 46,8 км жылу жүйесі, 13,6 мың км электр энергия желісі жөнделді. Жалпы, 1992 бюджеттік ұйым дайындалды, оның 916 нысаны білім беру, 704 нысаны денсаулық сақтау, 372 әлеуметтік саладағы нысандары», - деді ол.

Кеңесте 2015-2016 жылдардың жылу беру маусымына дайындық шаралары туралы Сарқан, Қаратал аудандары мен Қапшағай қаласының әкімдері баяндады.

Баяндамашылардың сөзінше, жалпы дайындық қанағаттанарлық жағдайда өтуде, жылужелілерін жөндеу, қазаұндықтарды сақтау мен айырбастау жұмыстары жүруде.

Кеңес қорытынысын Алматы облысының әкіі А.Баталов жұргізді. Аймақ басшысы уақытында қолданылған шараларға орай жылу беру маусымы сәтті аяқталғанын айтты.

 




Яндекс.Метрика