Адами капитал

Қазақстан Мыңжылдық дамудың бесінші мақсатына қол жеткізді – ҚР Мемлекеттік хатшысы

Қазақстан ана өлімін үш есеге кемітіп, туу көрсеткішін 1999 жылы тірі туған 1000 балаға шаққанда 55 ана өлімінен келсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 12,6-ға дейін азайған, деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысының аясында.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 19:13

«Қазақстан Мыңжылдық дамудың бесінші мақсатына қол жеткізіп, аналар өлімінің деңгейін үш есе төмендетті.  1999 жылы тірі туған 1000 балаға шаққанда 55 ана өлімінен келсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 12,6-ға дейін азайды.

 Дүниежүзілік экономикалық форумның 2014  жылғы есебіне сәйкес 57 елден тұратын топта елде АИТВ инфекциясының таралуы бойынша Қазақстан төмен көрсеткіш – 0,2 пайызбен бірінші орынға тұрақтады»,-деді Г.Әбдіхалықова.

Мәжілісте сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде дайындалып қабылданған 2015-2020 жылдарды қамтитын Қазақстандағы отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық құндылықтарды нығайтуға бағытталған Жалпыхалықтық жоспардың жүзеге асырылу барысы қаралды.  

Жиында сөйлеуші министрлік басшылары мүмкіндігі шектеулі жандарды және олардың құқықтарын қорғау мен оларды жұмыспен қамтуды кедергісіз ортасын қорғауға бағытталған тетіктер қарастырылған қолданыстағы заңнамаға талдау жүргізілгендігін атап өтті.

 




Яндекс.Метрика