Адами капитал

Г.Әбдіхалықова отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша ақпараттық -түсіндірме жұмыстарын күшейтуді тапсырды

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, онда ҚР Президентінің бастамасымен жасақталған 2015-2020 жылдарға арналған ҚР-да отбасылық қарым-қатынастарды, моральді-этикалық, рухани құндылықтарды нығайту бойынша жалпы ұлттық шаралар жоспарын жүзеге асыру мәселесі қаралды.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 18:14

«Қазақстан мыңжылдық дамудың 5 мақсатына қол жеткізді, 1999 жылғы 1000 сәбиге шаққандағы 55 ана өлімі көрсеткіші 2013 жылы 12,6-ға дейін төмендеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес Қазақстан 2014 жылы АИВ дертінің таралу көрсеткіші бойынша ең төмен әлемнің 57 мемлекеттінің ішінен алдыңғы қатардан табылды - 0,2%», - деді мемлекеттік хатшы.

Гүлшара Әбдіхалықова отбасылық құндылықтарды насихаттау бойынша ақпараттық  түсіндірме жұмыстарын күшейту қажет екенін атап өтті.

Аталып өткендей, келелі кеңеске қатысушылар Қазақстандағы  БҰҰ Балалар қоры  (ЮНИСЕФ) өкілі Юрия Оксамиттің «Балаға жанашыр қала» жобасы бойынша баяндамасын тыңдады. Аталмыш жобе еліміздің 17 қаласы мен 4 ауданында жүзеге асырылды.




Яндекс.Метрика