Өңірлер

Көкшетауда сапа мамандарына арналған облыстық семинар өтті

Көкшетауда менджмент жүйесін кәсіпорындарға енгізу жөніндегі аймақтық семинар өтті, деп хабарлайды Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты, «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола28 Мамыр , 18:33

Семинарды Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу мен метрология комитетінің «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырды.  

«І-шара Үкіметтің қаулысымен бекітілген 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу мен метрология жүйесін жетілдірудің Кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды», -делінген хабарламада.   

Ұйымдастырушылардың сөздерінше, семинардың мақсаты менеджмент жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттаған кәсіпорындардың санын арттырып, өз кезегінде аталған кәсіпорындардың саны мен қызметі қазақстандық бизнестің Бірыңғай экономикалық кеңістіктен өзінің экономикалық орнын алуға мүмкіндік береді.

Семинарға қатысушылар ISO 9001:2015 (ISO DIS-2014) «Сапа меннеджменті жүйесі. Талаптар»,  ISO 10002-2014 «Сапа менджменті. Тұтынушылардың қанағаттандырылғандығы» сияқты  жүйелер бойынша енгузі мәселелерін талқылады.  

 




Яндекс.Метрика