Адами капитал

Әуе қорғанысы күштерінің 90-нан астам әскери қызметшісі жауынгерлік дағдыны арттыруда (Фото)

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері 44841 әскери бөлімінің оқу-жаттығу орталығында ҚР ҚК ӘҚК әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімше командирлері мен кіші мамандары курстық даярлықтан өтуде, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 29 Мамыр, 08:37

Қазіргі уақытта оқу-жаттығу орталығында бөлімше командирлері, дизельшілер, электр орнатушылар, радиолокациялық станция, зениттік-зымырандық және радиотехникалық әскерлер операторлары әртүрлі мамандықтар бойынша Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің 90-нан астам әскери қызметшісі курстық даярлықтан өтті.

Оқу барысында кіші мамандар өзінің жауынгерлік дағдысы мен кәсібилігін арттырады, сондай-ақ техниканы пайдалану және жұмыс жасауда жаңа тәжірибе жинақтайды. Курстық жиындар кезеңінде курсанттарға жеке құраммен жұмыс жасау кезінде қажет дене даярлығы, жалпы әскери жарғылар, функционалдық міндеттер мен әскери педагогика пәнін білу бойынша сынақ тапсыратын болады.

«Біздің әскери бөлімнің базасында оқу-жаттығу орталығының білікті оқытушылар құрамы қызмет етуде. Олар ұдайы оқу-материалдық базаны жетілдіреді. Сонымен қатар, оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарын кең ауқымда енгізе отырып, оқу үдерісін компьютерлендіру дәрежесін арттырады»,  - деді 44841 ә/б командирі полковник Бауыржан Жиенбаев.

Бос уақытта курсанттар мәдени-тынығу іс-шараларымен айналысады. Шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және шахматтан спорттық шараларға қатысады. Айта кетейік, оқыту 2015 жылғы мамырдың 12-і мен маусымның 12-і аралығында өтеді.  


 





Яндекс.Метрика