Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Алматы облысында тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша меморандумға қол қойылды

Алматы облысының әкімдігі мен «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Алматы 28 Мамыр, 17:41

«Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы «Құрлық айлағының» құрылысы мен оны пайдалану жобасын жүзеге асыруда ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Аталмыш жоба «Нұрлы жол» бағдарламасының әлеуметтік сала, тұрғындарды жұмыспен қамту, өңірлерді дамыту өңірлік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.    

«Құрлық айлағы» Қазақстанға, Қытайға және еуразия аймағындағы елдерге әлемдік нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейдегі ірі көлік-логистикалық және дистрибьюциялық орталық ретінде қызмет етеді. Жыл соңына дейін 500 жұмыс орны ашылып, жоба іске қосылғанда 10 мың жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Құжатта көрсетілгеніндей, «KTZE-Khorgos Gateway» компаниясының қызметкерлерінің 80 пайызы жергілікті кадрлардан тартылатын болады. Осыған байланысты Алматы облысының әкімдігі көлік-логистика саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру, олардың ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады.   

Ынтымақтастық туралы меморандумға Алматы облысы әкімінің орынбасары С.Тұрдалиев пен «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС Бас директоры К.Гейсен қол қойды.

 





Яндекс.Метрика