«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Қ.Тоқаев ЕДБ-нің «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуы маңызды екендігін айтты

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық даму банкінің Басқарма төрағасы Дмитрий Панкинді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 17:06

ЕДБ-нің басшысы ретінде Дмитрий Панкиннің ісіне сәттілік тіліген Сенат төрағасы Еуразия кеңістігіндегі транзиттік-көлік әлеуетін толық пайдалану мақсатында Қазақстан аймағында көлік инфрақұрылымы мен логистикасының құрылысы туралы әңгіме болып отырғандықтан банктің Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасына барынша белсенді атсалысқаны дұрыс деп есептейтіндігін атап өтті.   

«Еуразиялық экономикалық одақ туралы заңның күніше енуі банктің осы бағыттағы белсенділігін арттыруға қадам жасалды деген сөз»,-деді Қ.Тоқаев.

Сенат спикері мейманды Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына енуіне және елімізді дамудың жаңа кезеңіне алып келетін бес институционалды реформаны жүзеге асыруға бағытталған Ұлт жоспары жөнінде хабардар етті.

 




Яндекс.Метрика