EXPO-2017

Қазақстан Италиядан көрмені өткізу тәжірибесін үйренуде

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен «EXPO Milano 2015» ұйымдастыру комитеті тәжірибені трансферттеу бойынша меморандум түзді, деді Әлемдік «Милан ЭКСПО-2015» көрмесі секциясының бас комиссары Ануарбек Мусин ОКҚ брифингінде.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 15:56

«Біз «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен «EXPO Milano 2015» ұйымдастыру комитеті тәжірибені трансферттеу бойынша меморандум түздік. Аталмыш көрмеде екі мақсатқа жету көзделген: ұлттық секцияны таныстыру, Қазақстанды халықаралық аренада өзін паш етуді байқау. Екінші сұрақ- тәжірибе алу. Операциялық қызмет көрмеде тоқтамайды. Біз бір-екі күн өтетін шара туралы емес, бір-бірінің мәдениетімен танысып алатындай 180 күндік шара туралы айтып отырмыз. Бұл үлкен ұмысты қажет етеді. Біз салып жатырмыз, тәжірибе алмасу қажет», - деді А.Мусин.

Оның айтуынша, Қазақстан қызметкерлері Миланда тағылымдамадан өтуді бастады.

«Біздің қызметкерлер операциялық қызмет бойынша барлық тәжірибелік бағыт бойынша тағылымдамадан өтуде. Осы сынды жұмысты біз 2017 жылы атқару керек боламыз, бұл тәжірибені өзімізге алуды көздеп отырмыз», - деді ол.

Айта кетейік, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі 2017 жылдың 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейін өтеді. Оған 100 ел, 10 халықаралық ұйым, 10 үздік компания қатысады. 2 млн келуші мен 5 млн тамашалау болады деп күтілуде.

Анара Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика