EXPO-2017

Ә.Мусин: «EXPO Milano 2015» көрмесіндегі Қазақстан павильонының құны 17 млн еуроны құрады

«EXPO Milano 2015» дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан павильонының құны 17 млн еуроны құрады, деп мәлімдеді «Expo Milano-2015» Бүкіләлемдік көрмесіндегі ҚР Ұлттық секциясының бас комиссары Әнуарбек Мусин.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 15:39

«Біздің павильонның жалпы бюджеті 17 млн. еуродан сәл астам қаржыны құрады. Павильонның жасалу сапасында еш мін жоқ, көңілімізден шықты. Осы ретте,  біз сапасы жоғары ең арзан павильон байқауына қатысуымызға болатынын атап өткім келеді», - деді Ә.Мусин.

Ә.Мусиннің айтуынша, жобаға жұмсалған қаржы Қазақстан беделінің артуымен өзін-өзі ақтайтын болады. 

«Бұл коммерциялық жоба емес. Мен бұл жобаға жұмсалған қаржы Қазақстан беделінің артуымен өзін-өзі ақтайтын болады, деп айта аламын. Жалпы, Қазақстан павильонын Германияның «Facts and Fiction» компаниясы құрастырып шығарған. Итальяндық бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, бүгінде Қазақстан павильоны көрме қонақтары ең көп баратын бес павильоннның біріне айналып», - деп сендірді ол. 

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика