Мәдениетті жаңғырту

Қазақстанда Bala Turkvizyon-2015 халықаралық байқауына іріктеу басталды

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры мен Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен Қазақстанда қазіргі түркітілдес елдердің тарихында алғаш рет болып отырған Bala Turkvizyon-2015 Халықаралық балалардың ән байқауы жарияланды.
Алматы қаласы28 Мамыр , 15:23

«Қордың қызметінің негізгі бағыттарының бірі шығармашыл жастарды қолдау. Біздің барлығымыз да балаларымыздың жетістікке жеткендерін қалаймыз. Bala Turkvizyon-2015 байқауы – өзіңнің дарыныңды әлемге танытудың тамаша жолы. Біз қордың Қазақстанның барлық аймақтарындағы дарынды балаларына тағы да қолдау көрсететінін мақтан етеміз»,-деді Тұңғыш Президент қорының  атқарушы директоры Сағындық Нұраханов Алматыдағы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.  

«Bala Turkvizyon-2015» байқауына  8 бен 13 жас аралығындағы ұл-қыздар қатыса алады. Ұлттық кезеңнің басты сыйлығы Түркменстанның Мары қаласында күзде өтетін Bala Turkvizyon-2015 Халықаралық балалар ән байқауының гранд-мәресі.   

Ұйымдастырушылардың айтуларынша, Қазақстандағы «Bala Turkvizyon-2015» байқауына еліміздің қай аймағында тұратындығына қарамастан кез-келген жас қатыса алады. Әр аймақтан көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан 3 дарынды жас анықталады және олар Тұңғыш Президент қорының сыйлығының иегері атанады.   

Халықаралық жоба 2015 жылдың 30-мамырында Алматыда салтанатты жағдайда жарияланады, ал 8-маусым мен 1-тамыз аралығында бүкіл Қазақстан бойынша байқауға қатысушыларды іріктеу сайыстары өтеді. Жалпы алғанда, байқау еліміздің барлық аймақтарындағы дарынды жастарды анықтаумен оларға қолдау көрсету арылы түркітілдес елдерді біріктіруді көздейді.  

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика