Халықаралық интеграция

Аустриялық трансұлттық компания Қазақстандағы автожолдарды жөндеу жүйесін дамытуға қатысуды жоспарлауда

Венада ҚР Аустриядағы Елшілігі Аустрия өнеркәсіпшілер бірлестігінің қолдауымен «Discovering business opportunities in Kazakhstan» атты қазақстан-аустриялық бизнес-форумды өткізді.
Әлемде28 Мамыр , 16:47

ҚР СІМ хабарлағандай, Қазақстан инвестициялары арасындағы салынған және қазақ-аустриялық экономикалық ынтымақтастығының жарқын үлгісі ретінде Ритц-Карлтон қонақ үйі форум өткізу орыны ретінде таңдалды. 

Бизнес-форум жұмысына 100-ге жуық аустриялық компаниялар, үкімет және бизнес-бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Құрметті қонақтар ішінен Аустрия Парламентінің депутаттар тобын басқарған Ұлттық Кеңестің Екінші президенті Карлхайнц Копф, Аустрияның Көлік, инновациялар мен технологиялар вице-министрі Андреас Райхард және басқа да жоғары шенеуніктер қатысты.  

Форумның негізгі баяндаушысы ретінде сөз сөйлеген ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев форум қатысушыларын «100 қадам» атты Ұлттық жоспар, 2015-2018 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, 2015-2017 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» бағдарламасы, инвесторларды қолдау шаралары және өндірісті локализациялау аясында қазақстан-аустриялық ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы ақпараттандырды.

Бизнес-форум шеңберінде өткен панельді дискуссия барысында Қазақстан Парламент Мәжілісінің депутаты – Қазақстан Машина жасаушылар одағының Басқарма төрағасы М. Пішембаев, Аустрияның Экономика палатасының вице-президенті Р. Шенц және «КазнексИнвест» АҚ төрағасының оранбасары А. Ерғазиева интерактивті форматта Қазақстанда бизнес жасау мүмкіндіктері және инвестициялық климат жайлы айтып берді.

Вице-министр Е. Сағадиев Аустрияның экономика вице-министрі Б. Гирлингермен кездесіп, тараптар екі-жақты әрекеттесуді одан әрі күшейтуге және нығайтуға мүдделілігін растады.

Форум шеңберінде «КазнексИнвест» АҚ мен аустриялық трансұлттық компания  «KapschTrafficCom» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл компания Қазақстанда жол саласын дамытуға қатысуды жоспарлайды. Одан басқа Аустрия өнеркәсіпшілер бірлестігінің офисінде вице-министр Е. Сағадиев бір қатар жетекші аустриялық компания басшыларымен кездесулері өтті.

Жалпы, осы форум барысында аустриялық компаниялар Қазақстанмен ынтымақтасуға үлкен қызығушылығын көрсетті. Потенциалды инвесторлардан басқа, форум аустриялық компаниялардың ҚР-мен өнеркәсіптік кооперацияға мүдделлігін айқындады.

Еуропада Қазақстан өнері мен жас өнерпаздарын танымал ету мақсатымен ҚР Аустриядағы Елшілігі іске асырып жатқан «Қазақстан інжулері» жобасы шеңберіндегі қазақстандық классикалық музыка орындаушылары – әлемге танымал скрипкашы Аида Аюпова және пианиношы Гүлжан Үзембаеваның концертімен аяқталды.

 

 




Яндекс.Метрика