Парламент

Сенат сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты субсидиялау мәселелері бойынша түзетуілерді қабылдады

ҚР Парламенті Сенатының пленарлы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы екінші оқылымда қабылданды.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 13:44

«Заң жобасының ережелері елді мекендердегі сумен жабдықтау мен су бұрудың дамуын құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған. Бұл ретте заң жобасымен мемлекеттік басқару органдарының сумен жабдықтау саласындағы өкілеттіктерін нақтылайтын нормалар енгізілді, су тұтынушылардың және сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі ұйымдардың құқықтары мен міндеттері регламенттелді»,- деп түсіндірді Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Рашит Әкімов.

Сенатор атап өткендей, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту мен салуды ұзақ мерзімді және жеңілдікті бюджеттік кредиттеу, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың дамуын экономикалық ынталандыру ретінде субсидиялауды жүзеге асыру түріндегі мемлекеттік қолдау мәселелері реттелді.

Жалпы, өзгертулер мен толықтырулар Су, Жер, Бюджет, Экологиялық кодекстер мен бірқатар заңнамаларға енгізілді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика