EXPO-2017

«EXPO Milano 2015» көрмесінде Қазақ хандығынан бастап Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі тарих көрсетілген – Мусин

«EXPO Milano 2015» көрмесінде Қазақ хандығынан бастап Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі тарих көрсетілген, деп хабарлады «Expo Milano-2015» Бүкіләлемдік көрмесіндегі ҚР Ұлттық секциясының бас комиссары Әнуарбек Мусин.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 13:27

«Әйнекке құммен салынған таныстырылым арқылы біз келушілерді қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен, тарихымен таныстырудамыз. Құм шоуында Қазақ хандығынан бастап Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі тарих көрсетіледі, тіпті болашаққа да саяхат жасаймыз. Яғни, біз ЕХРО-2017 көрмесін өткізіп жатқан кезді көрсетеміз», - деп толықтырды Әнуарбек Мусин.

Оның айтуынша, бұдан басқа павильонда  Арал теңізі мәселесін шешуге назар аударылған.

Айта кетерлік жайт, үш мың шаршы метрден астам аумақты алып жатқан Қазақстан павильоны «Қазақстан - мүмкіндіктер елі» деп аталады. Павильонның сыртқы қабаты еліміздің негізгі ауыл шаруашылық дақылы саналатын бидай масақтары түрінде кескінделген. Ал ішкі мазмұндық бөлігі ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, аквамәдениет, экология, егін шаруашылығы және жалпы Қазақстанға қатысты таңғажайып деректерге арналған алты аумақтан тұрады. 

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика