Парламент

Қазақстан бітімгерлік қызметі бойынша әлімнің 122 мемлекетінің ішінде 106 орында тұр – Мұхтаров

Қазақстан бітімгерлік қызметі бойынша әлімнің 122 мемлекетінің ішінде 106 орында тұр, деп мәлімдеді ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров Сенаттың пленарлы отырысында.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 13:14

«Сатистика бойынша бірінші орында Пәкістан, екінші - Бангладеш, үшінші – Үндістан. Ал, біздің мелекетімізге келетін болсақ, ҚР Парламентінің келісімімен 2013 жылы 20 байқаушы жіберілді, олардың ішінде 6-уы Батыс Сахарарасы мен Кот-д‘Ивуар жөнелтілді. Сонымен, біз әлемнің 122 мемлекетінің ішінде 106 орында тұрмыз», - деп мәлімдеді Т.Мұхтаров.

Министрдің орынбасары атап өткнедей, «1948 жылдан бастап БҰҰ 69 бітімгершілік миссияны өткізді. Қазіргі уақытта 16 миссия өтіп жатыр және соған 107 мыңнан астам бітімгер қатысып жатыр.

«Бүгінде  БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, бітімгершілік операцияларға талап етілетін мамандар біріншіден байланысшылар, медициналық қызметкерлер және инженерлер. Сонымен қатар, бітімгершілік операциялар тәжірибесінде көбінесе жаяу әскерлер қызметкерлері пайдаланылады», - деді Т.Мұхтаров.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Парламенті Сенатының пленарлы отырысында Мәжіліс мақұлдаған,  «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика