Парламент

Сенат бітімгерлік қызметке қатысты түзетулерді екінші оқылымда қабылдады

ҚР Парламент Сенатының пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бітімгерлік қызмет бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда қабылданды.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 13:01

Заң жобасы еліміздің Еңбек кодексіне бітімгерлік операцияларына қатысқан қызметкерге немесе жұмысшыға кепілдік беру бөлігінде толықтырулар енгізуді қарастырады.

Сонымен қатар, заң жобасы бітімгерлік операиялары кезінде ҚР ұлттық контингентіне қажетті кәдімгі қару мен әскери техникаға экспорттық бақылау жүргізу шегінде «Экспорттық бақылау туралы» заңына да толықтырулар енгізбек.   

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына әскерилердің бітімгерлік операцияларға қатысқан жағдайында оларды тағаммен қамтамасыз ету және әскери азаматтарды бітімгерлік операциялардан оралған соң шипажайлық-демалыс орындарына жіберу туралы норма енгізіледі.   

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика