ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда бес жылда 4022 мектепке дейінгі мекеме бой көтерді

2010 жылдан бастап еліміз бойынша мектепке дейінгі мекемелер саны 4022 мекемеге артты, деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 12:54

 «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат пен 5 институционалды реформа экономика өсімінің қозғашусы ғана емес, сонымен қатар сыртқы және ішкі келеңсіздіктерге берер жауап пен нақты қадам. Бұл бағдарлама еліміздің әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатырына ену бағдарламасы. Бүгінде мектепке дейінгі білім мен тәрбие күн тәртібіндегі маңызды мәселе. Астанада тәулігіне 70-80 сәби дүниеге келуде. Сондықтанда балабақшалар тапшы, бұл мәселе Астана мен Алматы қалаларында аса қатты ушығып тұр. «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес Ұлттық қордан мектепке дейінгі мекемелердің құрылысна 20 млрд теңге бөлу көзделген», - деді Ә.Бимендина.

Оның айтуныша, аталмыш мәселені шешуде  мектепке дейінгі мекемелер салынып қана қоймай,  жеке секторда тартылатын болады.

«Балапан» бағдарламасы сияқты бірде бір бағдарлама ТМД елдері аумағында жоқ. 2010 жылдан бастап үлкен жұмыс атқарылды, еліміз бойынша мектепке дейінгі мекемелер саны 4022-ге өсті», - деп атап өтті ол.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика