Өңірлер

Қарағандылық тауарлар Қытайда сатылады – ҰКП

Қытайдың Сиань қаласының Нэньси провициясындағы ірі сауда үйінде Қарағандыда шығарылған тауарлар сатылады, деп хабарлады ҚР Ұлттық палатасынан.
Қарағанды28 Мамыр , 16:13

Қытай тарапы біздің кәсіпкерлерге 540 шаршы метр сауда алаңын жалға тегін береді. Және Жібек жолы бойының мемлекеттерінің павильондарымен қатар орналасқан Сиань қаласындағы Қазақстан Республикасының павильонындағы қоймаларды да  береді.  

«Шеньси қаласы делегациясының Қарағанды облысына сапары барысында осы және өзге де келісімдерге қол жеткізілді. Делегация құрамында Шеньси қаласы үкіметінің сыртқы сауда мен коммерция басқармаларының, Сиань қаласының сыртқы экономикалық және сауда кәсіпорындарының  өкілдері бар. Қазақстан тарапынан кездесуге 80 компанияның өкілдері қатысты», делінген хабарламада.  

Хабарламадан мәлім болғанындай, қарағанда облысында Қытай капиталының қатысуымен 13 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Қытайлық әріптестермен бірге құны бірнеше миллиард доллар болатын ірі жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. «Қарағандылық шығыс дәмдерінің фабрикасы» маусым айында-ақ Сиань қаласының 1 тоннадан астам өзінің өнімдерін жөнелтеді. Қытайлақ меймандардың айтуларынша ол елде тәтті өнімдер халық тарапынан үлкенн сұранысқа ие болғанымен аймақты өндірілмейді.

Сонымен қатар, халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде  ескі доңғалақы қалдықтарынан резинатехникалық бұйымдар шығаратын жаңа «Ecoindustry» ЖШС экологиялық жобасы дамиды. Кәсіпорын стадиондарды жапқыштар мен оқшаулағыш материалдар және құрылыс саласында қажетті дүниелерді дайындайды. Қытайлық инвестициялар органикалық қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын биогаз құрылғысын пайдалану жобасына да жұмсалуы ықтимал.  

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика