Қазақ хандығына 550 жыл

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме өтеді

Тәуелсіздік сарайының көрме залында Қазақ хандығының 550 жылдығына және ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған «Тарихқа тағзым» экспозициясы өтеді.
Нұр-Сұлтан28 Мамыр , 20:24

Астана қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, көрмеде Қазақстан суретшілер одағының мүшелері Жанұзақ Мүсәпір және Мақсат Бексұлтанның туындылары көпшілік назарына ұсынылады.

Жанұзақ Мүсәпірдің туындыларына туған өлкесінің табиғаты арқау болған. Олар натюрморттар, қала көріністері түрінде беріледі. Ерекше назар аударатын жайт, этнографиялық сипаттағы картиналар. «Бәйге», «Күз», «Балықшы», «Қобыз үні», «Хан-Тәңірі» секілді туындыларда қазақ халқының өмірі мен тұрмысы, туған өлке табиғаты бейнеленген.

Сондай-ақ, көрме қонақтары Мақсат Бексұлтанның шығармашылығымен де таныса алады. Бүгінгі таңда ол көптеген жас таланттардың тәлімгері болып табылады. Суретшінің экспозициядағы айтулы туындыларының бірі - жері үшін шайқасқан қазақтар бейнеленген «Аңырақай шайқасы» картинасы. Аңырақай шайқасы -  барша қазақтың басын біріктірудің нәтижесі, біртұтас ұлт рухының салтан құрған шағы.  




Яндекс.Метрика